kk ru en

Главная » Воспитательная работа

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Алтынсарин әлемі» тақырыбында дәріс сабағына қатысу

 

26.11.2021 жылы ҚР Ұлттық музейінде ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Алтынсарин әлемі» тақырыбында дәріс өтті.

Мақсаты – Ы. Алтынсариннің есімін ұлықтау, мәңгілік есте сақтау мақсатында жастарға ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық істерін тереңірек таныстыру арқылы оларда отансүйгіштік рухты ояту, туған елімізді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Менеджмент, бизнес және білім колледжінің 3 курс студенттері қатысты.

Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмірін жастарға насихаттау бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, Phd докторы Гүлназ Сағынадинқызы дәріс оқыды.

Шара барысында қатысушыларға Ыбырай Алтынсариннің жеке заттары, фотосуреттері мен хаттары, сондай-ақ қолжазбалары көрсетілді.

Қазақ әдебиеті саласының дамуына теңдесіз үлес қосқан ғалым Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмір жолын насихаттау, артында қалған баға жетпес мол мұрасын бүгінгі ұрпаққа дәріптеу мақсатында өткен дәріс Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімімен ұйымдастырылды.

              

Категория: Воспитательная работа | Добавил: raushan (13.Апр.2022)
Просмотров: 24 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Полезные ссылки