kk ru en

Главная » Воспитательная работа

«Қолданбалы өнер түрлері: тоқыма тоқу, кесте тігу» тақырыбында музейлік сабағы

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Қолданбалы өнер түрлері: тоқыма тоқу, кесте тігу» тақырыбында музейлік сабағы болып өтті.

Сабаққа Менеджмент, бизнес және білім колледжінің студенттері қатысты.

Мақсаты - халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұралары – кесте тігу мен тоқыма өнері туралы түсінік бере отырып қызығушылықтарын ояту, олардың ерекшеліктері мен техникасын көрсету.

Іс-шара барысында кесте тігу және тоқыма өнерінің тарихы баяндалып, сөз арнайы келген мамандарға берілді. Кесте тігу өнері бойынша ҚР Ұлттық музейінің Матаны және кілем-киіз бұйымдарын консервациялау және реставрациялау секторының суретші реставраторы Сахаба Қайрош студенттерге кесте өнерінің түрлері, техникасы жайлы мол ақпарат берді. Ал, тоқыма өнері бойынша «28 ілмек» деп аталатын ұйымның белді мүшелері, тоқыма өнерінің һас шеберлері Дамираш Урдашева мен Джан Панаева өздерін таныстыра отырып, тоқыма өнеріне қалай келгендерін, бүгінгі таңда қызмет істеп жүрген Елордамыздағы шала туған балаларға арнайы киім тоқып, қайырымдылықпен айналысатын «28 ілмек» ұйымы туралы тұшымды ақпарат берді.
Іс-шара соңында тақырыпқа қатысты музей қорындағы жәдігерлер туралы ақпарат айтылып, студенттерге тапсырмалар берілді. Келген қонақтарымыздың өз қолдарымен жасаған бұйымдарын тамашалады.

    

Категория: Воспитательная работа | Добавил: raushan (13.Апр.2022)
Просмотров: 28 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Полезные ссылки