Колледжде дуалды оқыту дамытуда
Дуалды оқыту жүйесі – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Әсіресе оның кәсіптік-техникалық білім берудегі алатын орны ерекше. Мұнда студенттер уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.
Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі. Біздің колледж 2014-жылдан бастап дуалды оқыту жүйесіне көшкен болатын. Бүгінгі күні колледж «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту", «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», "Тамақтандыруды ұйымдастыру", «Бастауыш білім беру», «Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру» мамандықтары бойынша дуалды оқыту жүйесін қолданады. Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығына сәйкес биылғы оқу жылы колледж 212-студенттің үшжақты келісім шарттарын Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер Палатасында реестрге тіркеді.
 |
Категория: Социальное партнерство | Добавил: Маргулан (23.Ноя.2020)
|
Просмотров: 22
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]