Главная » Социальное партнерство |
Менеджмент, бизнес және білім колледжі дуалды оқыту жүйесіне көшкеніне де, міне табандай жеті жылдай уақыт өтіпті. Осы уақыт ішінде колледж әжептәуір тәжірибе жинап қалды. Әлеуметтік серіктестер аумағыда кеңіп, студенттерде жұмыс берушілермен танысып төселіп қалған жағдай бар. Алғашқы жылы әлеуметтік серіктестермен жұмыс жүргізуде, кейбір қиыншылықтар туындаса, кәзіргі кезде толық түсінушілік табылды. Ал, биылғы оқу жылының ерекшеліктері барысында (пандемия) дуалды оқыту жүйесіне кейбір өзгерістер енгізілді, яғни студенттер өндіріске шағын топтармен барып жүр. Себебі әлеуметтік серіктестеріміздің де, жұмыстары белгілі себептерге байланысты шектеліп отырған бәрімізге белгілі. Осы тұрғыда Колледж барлық әлеуметтік серіктестерімізге өз алғысын білдіреді.
| |
Просмотров: 8 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |