КМиБ
МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІНІҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! .......................................................................... WELCOME TO THE OFFICIAL SITE OF COLLEGE OF MANAGEMENT AND BUSINESS! .......................................................................... ДОБРО ПОЖАЛОВАТЬ НА ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КОЛЛЕДЖА МЕНЕДЖМЕНТА И БИЗНЕСА!
Главная » Социальное партнерство

Дуалды оқыту жүйесінің сапасы - әлеуметтік серіктестің беделіне байланысты!

     Дуалды оқыту жүйесі – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Бұл алғаш Алманияда пайда болып, негізі қаланды. Әсіресе оның кәсіптік-техникалық білім бе­ру­­дегі алатын орны ерекше. Мұнда оқу­шылар уақытының үштен екі бөлі­гінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйым­дас­тыруға арнайды.

Оқу орындары жұмыс беруші жеке шаруашылық мекемелерімен серік­тестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа заманауи технологияларды, инновациялық технологиялық бағдарламаларды меңгере алатын да­йын білікті мамандар даярлайды. Осы мақсатта болашақ маман иелері өздері таң­даған мамандықтарды кәсіби тұр­ғы­дан жан-жақты игеріп, қазіргі заманауи озық технологияны меңгеріп әрі қарай дамытуы керек. Сондықтан елі­міздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеу­меттік серіктестік және теория мен тәжірибенің үйлесімді болуы үшін дуал­ды білім беру жүйесін енгізу қажет.

Дуалды жүйемен оқытудың төмен­дегідей артықшылықтары бар. Біріншіден, түлектердің жұмысқа ор­наласу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің айтқан талаптарын игеріп, меңгерген тәжірибесі бар маман болады.

Біздің колледждің 1201000 "Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және ұйымдастыру" мамандығының студенттері дуалды оқытуды Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Хюндай-Премиум, кәсіпорнында өтіп, өте мәнді тәжірибе алуда.

                                                                              

 

                                                                            

Категория: Социальное партнерство | Добавил: Маргулан (27.Сен.2019)
Просмотров: 12 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Полезные ссылки