КМиБ
Главная » Профессиональная практика

Шаштараздардағы шеберлік сағат

20-қараша күні колледжімізде «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығының ПРб-31 тобының студенттерінің алдында "Etonera beauty" сән салонының визажисті Балтабаева Гульвира Байзильдаевна "Бет әрлеу өнері" тақырыбы бойынша шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағында кәсіби әшекейлі косметика құралдары, кәсіби макияж жасау үшін қолданылатын құрал, бет және оның жеке бөліктерінің кемшіліктерін түзету сызбалары, косметикалық заттарды жағу түрлері қарастырылған. Әртүрлі жастағы әйелдерге арналған макияж түрлері, бет әлпетіндегі жас өзгерістерін түзету бойынша ұсыныстар келтірілген.
Шеберлік сағатында «Etonera beauty» салонының визажисі Г.Балтабаева 3-курс студенттеріне опа-далап жағудың өнерін түсіндіріп, табиғи сұлулықты сақтай отыра бет-бейнені өзгертудегі құнды құпиялармен бөлісті. Г.Балтабаева модельдің көмегімен опа-далапты сапалы түрде пайдаланудың техникасын көрсетті.

 

                  

Категория: Профессиональная практика | Добавил: Маргулан (23.Ноя.2020)
Просмотров: 28 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Полезные ссылки