КМиБ
Главная » Профессиональная практика

Эстель компаниясындағы естен кетпес сабақ

Estel - 2000 жылы құрылған және косметика саласында жұмыс істейтін ресейлік компания. Бұл танымал және кәсіби шаш бояғыштарын ғана емес, сонымен қатар күтім мен сәндеуге арналған құралдарды өндіруші. 18 жыл бойы мінсіз жұмыс жасаған Estelle сауда маркасы шашты бояу өнімдері нарығында мықты орын алды. Компанияның өзінің ғылыми-өндірістік базасы және микробиологиялық зертханасы бар. Мұнда шикізатты үздік зауыттардан сатып алып, тек заманауи озық әзірлемелер мен инновациялар қолданылады.

Estel - Менеджмент және Бизнес колледжінің әлеуметтік серіктесі.  Өндірістік оқуда жүрген «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығының ПРб-31, ПР-32 топтарының студенттері аптаның екі күнінде, аталған фирманың базасына барып, өз білімдерін толықтырып жүр.

                                                                         

                                                                                                  

Категория: Профессиональная практика | Добавил: Маргулан (24.Ноя.2020)
Просмотров: 26 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Полезные ссылки