Главная » Профессиональная практика |
Еңбек нарығына - білікті мамандар қажет!
Бүгінгі таңда еңбек нарығында білікті мамандар тапшылығы орын алуда. Нарықтық экономика жағдайында жұмыс берушілермен тығыз байланыста болсақ ғана, колледж өзінің басты мақсатын – кәсіби даярлыққа және еңбек нарығындағы сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті білікті маманды дайындау мақсатын – орындай алады. Сонымен қатар, осы бағытта, яғни маман тапшылығын азайту мақсатында мемлекет көптеген жағдай жасап отыр. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Мемлекеттік бағдарламаның міндеттері:
БІРІНШІ БАҒЫТ: "ЕҢБЕК" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІММЕН ЖӘНЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУЕКІНШІ БАҒЫТ: ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҮШІНШІ БАҒЫТ: ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҰТҚЫРЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ДАМЫТУ
| |
Просмотров: 12 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |