КМиБ
МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІНІҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! .......................................................................... WELCOME TO THE OFFICIAL SITE OF COLLEGE OF MANAGEMENT AND BUSINESS! .......................................................................... ДОБРО ПОЖАЛОВАТЬ НА ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КОЛЛЕДЖА МЕНЕДЖМЕНТА И БИЗНЕСА!
Главная » Профессиональная практика

Бір мамандық бар, шаштараз деген...

Шаштараз өнерінің тарихы мыңдаған жылдарды құрайды. Шаш сәні алғашқы қауымдық құрылыста киімнен бұрын пайда болған. Бізідң заманымыздың V мыңжылдығының өзінде адамдар шаш үлгісіне аса назар аударған. Арнайы шаштараздар туралы ақпарат ежелгі Мысырға, одан соң Ежелгі Греция және Ежелгі Римге қатысты. Англияда шаштараздарға 1462 жылы өз гильдиясын құруға рұқсат берілген. 

      Ежелгі Египетте шаштараздар өте құрметті адамдар болған - ежелгі шаштараздардың рөлін емшілердің барлық түрлері атқарған, өйткені пышақпен жұмыс өте жауапты болып саналды. Әр түрлі өркениеттерде «шаш қию» әр түрлі рөл атқарды: ацтектер арасында бұл қоғамдағы және әскери дәрежелердегі рөлдерді ажыратуға көмектесті, гректер арасында олар билікке жақындық дәрежесін көрсетті, ал римдіктер арасында бұл - материалдық жағдай.

  Мінекей, осы ежелгі уақыттан құрметке ие болған "Шаштараз" мамандығын үйренем деушілерге, біздің колледждің тәжірибелі  оқытушылары аталған мамандықтың қыр-сырын үйретуден еш жалыққан емес. Бүгінгі күні "Шаштараз" мамандығы бойынша оқитын 2-курс студенттері, кезекті өндірістік оқуларын тәмәмдап, қортынды жұмыстарын көрсетіп қортындылады. Оқытушылары арнайы пән оқытушысы Қадыралиева Г.К. Өндірістік оқыту барсысында санитарлық - гигиеналық талаптар қатаң сақталды, студенттердің күнделікті температурасы өлшеніп отырады, маскалық режим сақталды, оқу лабараториясы кварцпен зарарсызданып, жиі желдетіп отырылды.

 

                                           

 

Категория: Профессиональная практика | Добавил: Маргулан (06.Янв.2021)
Просмотров: 10 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Полезные ссылки