kk ru en
КМиБ
Главная » Практика колледжа на дистанционном обучении

Өндірістік тәжірибенің маңыздылығы

Өндірістік тәжірибе колледж студенттернің орындауға міндетті болып табылатын, білікті және құзыретті мамандарды даярлауда оқу процесінің ажырамас бөлігі.

Өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаты студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибеде сынауға, әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етеді.

Өндірістік тәжірибе  –  әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарында кәсіби жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және дипломдық жұмысты орындауға ақпарат жинау.

Заман талабына сай оқытудың жаңа жүйелері өндрісітік оқыту мен тәжірибеге аса көңіл бөлуді талап етеді. Атап айтқанда модульдік оқыту, дуальдық оқыту жүйелері бойынша студенттер 40 пайыз теорияда, 60 пайыз өндірісте өткізуге бағытталған.

Оқу орны, оқу жылының басында кәсіпорындармен екі жақты келісім-шартқа (келісім-шартта екі жақтың талап-міндеттері толық көрсетіліп жазылады) отырып, келісім шарт негізінде студенттер кәсіпорын басазында тәжірибеден өтеді. Кәсіптік тәжірибенің маңызы, студенттің теориялық білімін шыңдап, тәжірибе барысында бекіту болып табылады. Кәсіби тәжірибенің артықшылығы, студент кәсіпорынға барған күннен бастап өзін маман ретінде ұсынады, ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады, өздігінен шешім қабылдау, әрекет ету қасиеті дамиды, болашақ кәсіптік жарамдылығын өндірісте сынайды. Тәжірибе барысында өзін жан-жақты көрсету арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады.

Кәсіптік тәжірибе барысында көзбен көріп, қолмен жасап үйренген, машықтанған студенттің болашақ мамандығының жаңа сатысына өтіп, оқу бітіріп жұмысқа орналасу кезінде мәселелер болмасы анық. ФОТО: Біздің әлеуметтік серіктестеріміз

Категория: Практика колледжа на дистанционном обучении | Добавил: Маргулан (19.Мар.2021)
Просмотров: 9 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Полезные ссылки