.....................................................................................................................................................
КМиБ
МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІНІҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! .......................................................................... WELCOME TO THE OFFICIAL SITE OF COLLEGE OF MANAGEMENT AND BUSINESS! .......................................................................... ДОБРО ПОЖАЛОВАТЬ НА ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КОЛЛЕДЖА МЕНЕДЖМЕНТА И БИЗНЕСА!
Главная » Практика колледжа на дистанционном обучении

Өндірістік тәжірибе

Өндірістік тәжірибе

      Өндірістік тәжірибе оқу үрдісінің құрамдас бөлігі, онда студенттер оқыту кезінде алған білімдерін мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы бойынша қажетті білім, білік, дағдыға үйренеді.
    Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болуға мүмкіндік беретіні бәрімізге мәлім.
Студенттердің кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына (2011.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) сәйкес жүргізіледі. ҚР «Білім беру туралы» Заңына келесі толықтырулар енгізілді:
     «Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік» жаңа бабы енгізілді. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерінің барабарлығын арттыруға, кадрларды даярлау деңгейін экономика салаларының және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне жақындатуға, оқытудың өндіріспен байланысын нығайтуға, мамандар даярлау және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылдарын дамытуға, экономиканың тиісті салаларында кәсіптік қызмет тәжірибесі бар мамандарды оқыту процесіне тартуға, кәсіптік білім беру сапасын бақылауды ұйымдастыруға және түлектердің кәсіптік даярлығын бағалауға қатысуға бағытталған.
.   Тәжірибеден өту мерзімі колледждің оқу үрдісінің кестесімен анықталады. Студенттер тәжірибеден колледж директоры бекіткен «Студенттерінің кәсіптік тәжірибесін ұйымдастыру мен өткізу бойынша ережесі», сонымен қатар колледждің жетекші оқытушылары әзірлеген тәжірибе бағдарламасы негізінде өтеді.
     Өндірістік тәжірибе бекітілген келісімшарт негізінде қызмет саласы бойынша әр түрлі ұйымдарда өткізіледі. Тәжірибе базалары: мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар, шағын және орта бизнес кәсіпорындары болып табылады.
     Тәжірибелік оқытуды ұйымдастыруда колледж барлық мамандықтар бойынша Нұр Сұлтан қаласының 200-дей кәсіпорындарымен келісімшартқа отырған, оған қоса тәжірибелік оқыту жұмыс берушілердің өтініштері негізінде ұйымдастырылады.

Категория: Практика колледжа на дистанционном обучении | Добавил: amanbekov2020 (28.Апр.2020)
Просмотров: 51 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Полезные ссылки