kk ru en
КМиБ
Главная » Контрольные вопросы по дисциплинам для промежуточной аттестации

«Бастауыш білім беру» мамандығы қазақ тілі пәнінен сұрақтар тізімі

                                                Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

I курс студенттеріне арналған аралық аттестацияның  сұрақтар тізімі

Қазақ тілі пәнінен сұрақтар тізімі

  1. Алаш идеясы, қозғалысы, ұраны.
  2. Жаңа атаулар, ықшамдалған және төлтума сөздер емлесі.
  3. Алаш арыстары тіл туралы, тілдің адам өміріндегі орны.
  4. Кірме сөздер емлесі. Діни мазмұндағы сөздер. Игерілген кірме сөздер.
  5. Ахмет Байтұрсынұлы кім? Тіл біліміне қосқан үлесі.
  6. Будан сөздер емлесі. Аударма термині туралы не білесің?
  7. Мамандандырылған сөздер.
  8. Біріккен сөздер, тіркесті сөздер емлесі.
  9. Кітаби тіл. Кітаби тілге қатысты белгілер.
  10. Бейүндес сөздер. Сөз құрамы.
  11. Ауызекі тіл. Ауызша сөйлеу түрлері. Сөйлеу кезінде жіберілетін қателіктер.
  12. Интонация, пауза дегеніміз не? Интонация ерекшеліктері, функциясы.
  13. Тіл және мәдениет.
  14. Стиль. Стиль түрлері.
  15. Ш.Құдайбердіұлы шығармаларындағы «ар» тақырыбы.
  16. Мелодия. Ритм.
  17. Мағжан мен Жүсіпбек.
  18. Қарқындылық. Сөйлеу темпі. Тембр.
  19. Әдеби тіл және көркем әдебиет тілі.
  20. Фонетика дегеніміз не? Әліпби.
  21. Тілдік норма туралы айт.
  22. Тұрақты тіркес. Мақал-мәтел.
  23. Сөз өнері. Сөйлеу этикеті.
  24. Лексикалық, орфоэпиялық, орфографиялық норма.
  25. Әдеби тілдің қалыптасуы.
  26. Сөйлем мүшелері.
  27. Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мәдениетінің зерттелуі.
  28. Сөзжасам, сөзжасамдық тәсілдер.
  29. Шешендік өнер: тарихы, зерттеуі, пән ретінде қалыптасуы.
  30. Туынды сөз.
  31. Шешендік сөз, шешендік дау туралы айт.
  32. Сөйлем. Сөйлемнің түрлері.
  33. Сөз байланысуының түрлері.
  34. Тыныс белгілері.
  35. Миграция. Еуропамен миграциялық байланыс.
  36. Неологизм. Окказионализмдер.
  37. Зияткерлік миграция. Миграциялық үрдіс
  38. Төл сөз бен автор сөзі. Төлеу сөз.
  39. Көркем әдебиет стилі.
  40. Орфография.
  41. Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрлымы.
  42. Пікірталас және оның түрлері.
  43. Мәнерлі сөйлеудің негіздері.
  44. Ойталқы, ойкөкпар, сөзталас, пікір алысу.
  45. Әңгіме және дөңгелек үстел.
  46. Тема және рема дегеніміз не?
  47. Ой айқындылығы, сөз дәлдігі, айтыс.
  48. Сыни пікірлер. Оның негізгі түрлері, жанрлық түрлері.
  49. «Мәңгілік» ел идеясы.
  50. Тіл дәлдігі.

                                                  Қазақ тілі пәні бойынша грамматикалық тапсырмалары

  1. Берілген сөздердің соңғы буынында ұ, ү, ө дыбыстары айтылғанымен, жазылмау себебін түсіндір:

Жұдырық, жауын, жұлын, құлын, құрық, бөрене, дөңгелек, түлкі, бұғы, жауырын, ғұмыр, дүкен, көбік, көжек, мүйіз, өлең, соғым, төсеніш, өрік, самауыр.

  1. Берілген сөздерді орфографиялық принциптерге бөліп жаз, ережесін түсіндір (морфологиялық, фонетикалық, тарихи-дәстүрлі принциптер):

Жазса, сенбі, фестиваль, түнгі, қашанғы, жарқабақ, орынбасар, көзбе-көз, қан қызыл, құлағы, бозжусан, көк дөнен, жүрегі, белбеу, керек екен, қолғап, самауыр, шәйнек, пәуеске, гауһар, қаһарман, сәнқой,  бозкөде, ашудас, дүйсенбі, он қап, стақан, бозша, бүгін, жаздыгүні.

  1. Әдеби тілдің белгілерін атаңыз:

Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді... Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ...

  1. Мәтіннен ауызекі сөйлеу тіліне тән қолданыстарды анықтаңыз:

Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып, сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып, иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі әкім одан да төменірек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай:

  • Тақсыр, осыншама жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейді.

Сонда әкім:

  • Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба? – дейді. (Ы.Алтынсарин)
  1. Мәтіндегі қате қолданылған сөздерді тап, түзетіп редакцияла. Қате жазылу себебін түсіндіріңіз.

Автобустың артын аш. Алдымызға бешбармақ келді. Жанұяңыз аман ба? Жасаған жақсылықтарыңызға үлкен рахмет. Сау-салауат болыңыз! Мүмкін емес. Қумашы! Кеше әткеншекте кәшендік.

  1. Бірінші жай сөйлемді ойдан қосып,қарсылықты салалас жасап,синтаксистік талдау жаса:

А)…., өлеңді қайтіп қоярсың.  Ә)….., ашылған ұйқы қайта басты.  Б)…., дегенмен жылы киімді жолға алла шықпақ болды.

  1. Жақшаны ашып, сөздерді орфографиялық нормаға сай жаз, сөйлем құра:

Абыр (күбір), авиа (апат), авиа (зауыт), авто (бекет), ағайын (жегжат), ағаш (үй), ағаш (тарақ), қалам (ақы),  арпа (бидай), ауыз (су), әр (қашан), алмалы (салмалы), әр (кез), алма (кезек), ашық (хат).

  1. Берілген мақал-мәтелдерге  морфологиялық талдау жаса:

Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы. Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.  Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі.

  1. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:

Көл ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы-айнадай жалтылдаған кең жайқын. Сол жайқында аппақ  болып шаңқиған екі аққу сыланып,ақырын әсем жүзіп көлбеңдейді. Екі аққу ұзын,сұлу мойындарын иіп, көл ортасында сұңқылдап, аппақ денесін күміс суға төсеп, әсем жүзіп, күміс судың айнадай мөлдірін шымырлатып сызады.

  1. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын тап:

Бармағын тістеу,жұлдызы оңынан туу,аузынан бір елі тастамайды,ат ізін суытпау,екі езуі  екі құлағына жету, маса шаққан құрлы көрмеу, мұрнынан шаншылып жүру,оң көзбен қарау,үріп ауызға салғандай.

  1. Берілген сөздердің ортақ фонемаларын тауып, топта:

Тегіс, қарғыбау, асық, сақ, тер, қар, берік, зақым, кереге, жар, кереует, нар, ар, арқар, іскер, жарық, тас, ісек, сарын, мас, қасқыр, жер, нарық, ер, қақ, қарқыл, тері, қарт, тарақан, астау, тарсыл, жақ, барқыт, тасаттық, бақ, тақсыр, нас, тартыс, ақсүйек, тігіс, рас, ақсұңқар, ақша, ақыл, тақ, арыз, бақша, сері, бақылау, масқара, жақша, бер, жақсылық, терлік, жақын, қақпан, тістеуіш, ас, қақпақ, бас, қас, аққу, бар, жас, арқырау, лас, егіс, қаспақ, кісі, қасық, кісен, масақ, ақын, маса, тасбақа, сарқыт, қару, астық, істік, асаба, серік, асқазан, қарғыс, ерік, бақыт, баспана, жақұт, керуен, тар, бастық.

  1. Қойылмай қалған тыныс белгілерін орнына койып,дұрыстығын дәлелде:    

Тақсыр соны сұрап не қыласыз Желдің өтінен шықтым ығына қарай ығып барам желге ұшам сайға қонам оның несін сұрайсың Білмеуші ме едіңдер  Ұшарымды жел біледі қонарымды сай біледі Осыны сұрата жіберген хан ақымақ па сұрай келген сен ақымақ па деді де қаңбақ ұша жөнелді тақсыр деді Жиренше Хан ұялғанынан еш нәрсе дей алмай қалады

  1. Төмендегі шылауларды қатыстыра отыра сөйлем құрастыр:

Қарай, туралы, түгіл, үшін, тарта, соң, бұрын, қатар, бірге, мен, бірақ, да, кейде, өйткені, әйтпесе, ма, ше, ғана, ау, мыс.

  1. Берілген мақал –мәтелдердің жалғасын тап:

Өнер алды-….    Тіл тас жарады,тас жармаса, ……  Шебердің қолы ортақ,….. Сөз тапқанға ….. Жақсы байқап сөйлер ….   Аяғы жаман төрді былғар,…. Суды шым тоқтатар, сөзді …. Ат жүйрігі айырады,тіл … Ине көзінен сынады,шешен …

  1. Тұрақты тіркестер баламасын жаз:

Қас пен көздің арасы, төбе шашы тік тұрды, ит өлген жер, жүрек жұтқан, тақырға отырғызып кетті, қой аузынан шөп алмас, қолы ашық, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман,жерден жеті қоян тапқандай,ит арқасы қиянд

16. Драмалық шығарманың тиісті тыныс белгілерін қой, ережесін түсіндір:

Ұмсынай Қанапияға алақанын көлеңкелеп сығалап қарап Қарағым-ау Қанашпысың Қанапия Иә шеше Жүріп бара жатыр едім Қош айтысайын деп келдім Ұмсынай Ынтықбайды біз де жаңа жөнелтіп Шәрбанжан екеуіміз жылап-жылап жаңа басылып отыр ек Қанапия Тірі кетіп бара жатқан кісіге жылай ма екен Аман болсақ бір күнгідей де болмайды 86 Ұмсынай Оның рас қой қарағым Сен бұрын түзге үйреніп қалдың ғой Біздің жалғызды айтсайшы Әжең байғұстың да құр сүлдері қалған шығар Қанапия Қайтсін құдайдың салғанына көнеді де Жолдастар ұзап кеткен шығар мен жүрейін дәм ауыз тигізіңіз шеше

  1. Мына қыстырма сөздерден сөйлем құрап, мағынасын, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір:

Сөз жоқ, бәсе, ендеше, керісінше, байқаймын, мысалы, қысқасы, негізінен, амал қанша, шынын айту керек, бір сөзбен айтқанда, меніңше, әрине, бақытымызға қарай, алдымен.

  1. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда:

 Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады.(Ғ.М.) Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.(Әл-Фараби) Кішіпейілдің абыройы асады,тәкаппардың құты қашады.(А.Йүгінеки)

  1. Қарамен берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса:

Тәрбие басы-тіл(М.Қ.) Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды (Абай). Әйімбала, емхана, дәріхана, жауапкершілік.

  1. Көшіріп жазып, тыныс белгілерін қойыңыздар. Бірыңғай мүшелердің қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтап, астын тиісті сызықпен сызыңыздар (сөйлем мүшесіне талда):

Осылайша бар сорақысы бадырайып тұрған әрі зорлық әрі жуандық әрі арамдық ұясындай бай аулында сол күнгі қазақ сахарасының басындағы тарихтай күйзеу күздің күнінде Абайдың анық өлмес өшпес және бір сазы туып еді. Мұсабай өзі өнерпаз болмаса да неше алуан әзілқой күлдіргі әңгімеші сауықшыл адамдарды аса жақсы көретін. Ақ сенсең тымақ астынан тұздай көк көзді сары сақалды шикіл сары кісі күліп тұр екен.

  1. Мәтіндегі салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін анықтап, тыныс белгілерін қойыңыздар.

Көшеде жалғыз кетіп бара жатыр еді артынан қазақтың көп балалары қуып жетті. Әлде жазғы күннің тыныштық әсері ме әлде күйдің күштілігінен бе әйтеуір Мекежайдың ойы мен бойын түгел қуаныш тербетті. Қалай Бәдіғұлдың жылқысын бақтым солай көзім ашыла бастады. Ақбілек олардың бетіне тура қарай алмады кіріп келгенде ғана немесе түрткенде ғана көзінің құйрығы түсті.

  1. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жаса, бұл сөйлемдердің ерекшелігін түсіндір: «Екі қораз, ен қораға сыймас», «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей».
  2. «Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады» деген сөйлемдегі үтірдің қойылу себебін және  «Ұлы орыс халқының бай мәдени мұрасының бір саласы – оның тамаша мақалдары, мәтелдері – қазақ халқына аудармалар арқылы таныс болып, халық игілігіне айналып келеді» деген сөйлемдегі сызықшаның қойылу себебін түсіндір.
  3. Есімді, етістікті тіркестерді бөліп жазыңыз, байланыс түрлерін көрсетіңіз.

Ананың алақаны, үйдің иесі, малшының еңбегі, ойын айту, егінді баптау, өнерге  қызығу, халықтың мұңы, ертеңге қалдыру, айтқанға келісу, еңселі үй, нәтижесін күту, қызықты оқиға, жұмысты ұйымдастыру, жеңіл жұмыс, ерке бала, баланы ойнату, спортпен айналысу, тиімді сауда, кәсіпкердің табысы, спорттағы нәтиже, спортшылардың жеңісі,  грант иегері, ауылшаруашылығын дамыту, ғарыштық жоба, тұңғыш ғарышкер.

  1. Төмендегі сөйлемдердің бастауышын қаратпа сөзге айналдырып, қайта құрыңыздар.

Балалар ғарышкерлермен кездесуге мұқият дайындалды. Оқушылар үнемі спортпен шұғылданады. Нұрлан ертең маған қызық кітап әкелді. Жастар құштарлықпен білім алып жатыр.

 

 

Категория: Контрольные вопросы по дисциплинам для промежуточной аттестации | Добавил: nurgul_zg (06.Май.2021) | Автор: Айткожина-Сагатова Ш.
Просмотров: 13 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Полезные ссылки