КМиБ

КОЛЛЕДЖ МЕНЕДЖМЕНТА
и БИЗНЕСА
города Астаны
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІНІҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! .......................................................................... WELCOME TO THE OFFICIAL SITE OF COLLEGE OF MANAGEMENT AND BUSINESS ASTANA! .......................................................................... ДОБРО ПОЖАЛОВАТЬ НА ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КОЛЛЕДЖА МЕНЕДЖМЕНТА И БИЗНЕСА ГОРОДА АСТАНЫ!
Главная » Библиотека

Список знаменательных дат
ҚАҢТАР
1 қаңтарАсанов Қасым Әбуұлы, Соц. Еңбек Ері, ғылым докторы, академик, туғанына 80 жыл (1931)
1 қаңтарДосымжанов Байғали, әнші, Қазақстан Республикасының халық әртісі, туғанына 90 жыл (1921-1998)
1 қаңтарИсмағилов Мұса Исаұлы, зоологтериолог, биология ғылымының докторы, туғанына 90 жыл (1921-1998)
1 қаңтарМусин Қапан, композитор, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, туғанына 90 жыл (1921-1970)
5 қаңтарАлтайбаев Жүсіп, Қазақ совет сатирик жазушысы, тілші, туғанына 100 жыл (1911-1987)
9 қаңтарНазарбаева Сара, «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті, инженер-экономист, туғанына 70 жыл (1941)
10 қаңтарӘбенов Шәкір, Қазақ совет ақыны туғанына 110 жыл (1901-1994)
17 қаңтарМырзабеков Сұлтан Шайымұлы, Ауылшаруашылық ғылымының докторы, профессор, туғанына 70 жыл (1941)
25 қаңтарДүрменов Қалымбай Дүрменұлы, хирург, медицина ғылымының докторы, туғанына 70 жыл (1941)
31 қаңтарНұрпейісова Дина, күйші-композитор, туғанына 150 жыл (1861-1955)
31 қаңтарДулатова Дина Исабайқызы, тарихшы, тарих ғылымының докторы, туғанына 80 жыл (1931)
31 қаңтарСтеблева Ия Васильевна, түрколог, фиология ғылымының докторы, туғанына 70 жыл
қаңтар«Айқап» журналының алғашқы нөмерінің жарық көргеніне 100 жыл (1911) 05.01.1916-30.06.2004гг. Каюм Мухамедханов-абаевед, автор текста Гос.Гимна Каз.ССР
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2011 ЖЫЛЫ АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН ЖӘНЕ ЕСКЕ АЛЫНАТЫН КҮНДЕРІНІҢ ТІЗБЕГІ ҚАҢТАР
 
АҚПАН
2 ақпанЕрмекова Раиса Кәрімқызы, аллерголог, медицина ғылымының докторы, туғанына 70 жыл (1941)
3 ақпанБальмонт Владимир Александрович, Қазақ ССР Ғылымына еңбегі сіңірген қайраткер, мал шаруашылығы саласындағы совет ғалымы, туғанына 110 жыл (1901-1971)
7 ақпанБердібаев Оңғарбай Бердібайұлы, дерматолог, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, туғанына 100 жыл (1911-1971)
9 ақпанМақатаев Мұқағали, Қазақ совет ақыны, туғанына 80 жыл (1931-1976)
12 ақпанЕрман Жүсіп, ақын, туғанына 60 жыл (1951)
15 ақпанБайкенова Шайзада Мұхамеджанқызы, баспагер, суретші, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, баспа және полиграфия ісінің қайраткері, туғанына 60 жыл (1951)
17 ақпанҚалтаев Бәйділдә, Қазақ ССР-нің халық әртісі, туғанына 100 жыл (1911-1979)
17 ақпанСүлейменов Рамазан Бимашұлы, тарихшы, Қазақ ССР ҒА-ның корр. мүшесі туғанына 80 жыл (1931-1992)
18 ақпанНәзіров Амангелді Тақиұлы, биолог, биология ғылымының докторы, туғанына 70 жыл (1941)
19 ақпанӘлжанов Шарафи Есмұханұлы, қоғам қайраткері, ғалым-педагог, туғанына 110 жыл (1901-1938)
19 ақпанЗиманов Салық, заңгер, Заң ғылымдарының докторы,КОКП мүшесі, туғанына 90 жыл (1921)
22 ақпанНұржекеев Бексұлтан, жазушы, туғанына 70 жыл (1941)
23 ақпанЖексенбаев Шәкір, әскери қайраткер, генерал-майор, туғанына 110 жыл (1901-1988)
 
НАУРЫЗ
1 наурызЖолдасбеков Өмірбек Арысланұлы, Қазақ ССР ҒА-ның академигі, техникалық ғылымының докторы, туғанына 80 жыл (1931)
1 наурыз Инюшин Виктор Михайлович, биофизик, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнертапқыш, биология ғылымының докторы, туғанына 70 жыл (1941)
1 наурызПентковский Мстислав Вячеславович, математик, Қазақ ССР ҒА-ның академигі, туғанына 100 жыл (1911-1968)
3 наурызҚұнантаева Күләш Құнантайқызы, педагог, Қазақстан Республикасының ҰҒА-ның корр.-мүшесі, туғанына 80 жыл (1931)
5 наурызҚұдайқұлов Мәулен Әбдікәрімұлы, физик, педагогика ғылымының докторы, профессор, туғанына 80 жыл (1931)
7 наурызХарламова Валентина Борисовна, актриса, Қазақ ССР-нің халық әртісі, туғанына 100 жыл (1911-1999)
8 наурызЕржанов Манарбек, халық әртісі, әнші және композитор, туғанына 110 жыл (1901-1966)
8 наурызНұртазина Рафи Бекенқызы, педагог, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, Социалистік Еңбек Ері, туғанына 90 жыл (1921)
8 наурызТайжанов Болатхан Құлжанұлы, экономист, елші, туғанына 70 жыл (1941)
8 наурызХарламова В. В., СССР халық әртісі туғанына 80 жыл (1911)
9 наурызБолатов Жамалбек, фиология ғылымының докторы, профессор, туғанына 80 жыл (1931-1978)
12 наурыз«Қазақ АССР-і Мемлекеттік көпшілік кітапханасын құру туралы» қаулы қабылданғанына 80 жыл (1931). 1991 жылдан ҚР Ұлттық Кітапханасы болды
14 наурызЛеонтьева Антонина Алексеевна, опера әншісі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі, туғанына 110 жыл (1901-1969)
17 наурызАлтынбеков Бауыр Ембергенұлы, гигиена саласындағы ғалым, медицина ғылымының докторы, туғанына 80 жыл (1931)
17 наурызТналина Дариға Байжұманқызы, режиссер, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, туғанына 90 жыл (1921)
20 наурызАқмола қаласының аты Целиноград болып өзгертілгеніне 50 жыл (1961)
22 наурыз«Жас алаш» газетінің алғашқы нөмірі, шыға бастағанына 90 жыл (1921) 30 наурызДоспанбетов Ұзақбай, Қазақ совет жазушысы, туғанына 70 жыл (1941)  
 
СӘУІР
2 сәуірАравин Юрий Петрович, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, музыка зерттеуші, туғанына 70 жыл (1941)
7 сәуірМұнайтпасов Қажымұқан, күрес шебері, қазақтың атақты палуаны туғанына 140 жыл (1871-1948)
9 сәуірҚабиғажина Сара Оқапқызы, эстрада-цирк артисі, Қазақ ССР-інің халық артисі, туғанына 60 жыл (1941)
10 сәуірСұлтанбаев Темірболат Жұмасылұлы, хирург, медицина ғылымының докторы, профессор, туғанына 70 жыл (1941)
11 сәуірТашенов Болат Төлешұлы, физик, ҚР ҰҒА-ның корр.-мүшесі, туғанына 70 жыл (1941)
12 сәуірБурабаев Мұқаш Сейсенбайұлы, философия ғылымының докторы, туғанына 80 жыл (1931)
12 сәуірАлғаш рет Байқоңыр космодромынан ұшқыш-космонав Гагариннің космосқа ұшуына 50 жыл (1961)
14 сәуірСкоробогатов Василий Ефимович, жазушы, журналист, прозашы, туғанына 90 жыл (1921)
15 сәуірӘбдіқадыров Қалқаман, ақын, жазушы, туғанына 110 жыл (1901-1964)
15 сәуірЖанайдаров Орынбай, ақын, туғанына 60 жыл (1951)
17 сәуірШалабаев Белгібай, әдебиет зерттеушісі, сыншы, аудармашы туғанына 100 жыл (1911)
17 сәуірСонгина Ольга Альфредовна, химик, профессор, туғанына 110 жыл (1901-1989)
18 сәуірАқышев Зейтін, жазушы, редактор, ұстаз, туғанына 100 жыл (1911-1991)
18 сәуірКәрімов Мұрат Әбілқайұлы, онколог, медицина ғылымының докторы, профессор, туғанына 80 жыл (1931)
19 сәуірРақышев Алшынбай Рақышұлы, нейро-морфолог, Қазақ ССР ҒА-ның корр.-мүшесі, туғанына 80 жыл (1931)
20 сәуірС. Ж. Асфендияров атындағы Алматы медициналық институтының ашылғанына 80 жыл (1931)
23 сәуірСергиев Николай Григорьевич, геолог, Қазақ ССР ҒА-ның корр.-мүшесі, туғанына 110 (1901-1960)
24 сәуірИсаева Елена Савельевна, биохимик, биология ғылымының докторы, профессор, туғанына 90 жыл (1921)
24 сәуірМұсаев Кеңесбай Мұсайұлы, тіл білімі маманы, ҚР ҰҒА-ның корр.-мүшесі, туғанына 80 жыл (1931)
24 сәуірЦелиноград облысының құрылғанына 50 жыл (1961)
25 сәуірӘмірбаев Вильжан Мәулединұлы, математика, ҚР ҰҒА-ның корр.-мүшесі, туғанына 80 жыл (1931)
25 сәуірАқмола губерниясының құрылғанына 90 жыл (1921)
 
МАМЫР
1 мамырЖәутіков Орынбек Ахметбекұлы, физик-математик, Қазақ ССР ҒА-ның академигі, туғанына 100 жыл (1911-1989)
1 мамырСегізбаев Кәдірбек, жазушы, прозашы, туғанына 70 жыл (1941)
1 мамырЧикноверов Иван Александрович, кино-режиссер, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, туғанына 100 жыл (1911)
2 мамырҚұтпанұлы Иманжүсіп, композитор, туғанына 80 жыл (1931)
2 мамырШойынбаев Тілеужан, тарихшы, тарих ғылымының докторы, туғанына 80 жыл (1911)
5 мамырҚазақ ССР-нің А. С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапханасының ашылғанына 80 жыл (1931)
6 мамырЕсенов Қайырболат, тіл білімі маманы, филология ғылымының докторы, туғанына 80 жыл (1931)
6 мамырҚазақ ССР Ғылым академиясының әдебиет және өнер институтының құрылғанына 50 жыл (1961)
7 мамырАсанов Болат Кәрішалұлы, шахматшы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушы, туғанына 50 жыл (1961)
9 мамырЖәлелов Ғұлам, актер, артис, туғанына 110 жыл (1901-1995)
9 мамырПальгов Константин Андреевич, травматолог-ортопед, медицина ғылымының докторы, профессор, туғанына 80 жыл (1931)
10 мамырСыздықов Жақан, ақын, туғанына 110 жыл (1901-1977)
11 мамырАппасов Рәсім Низамиұлы, паразитолог, биология ғылымының докторы, туғанына 100 жыл (1911-1984)
11 мамырСапарғали Бегалин атындағы Қазақтың республикалық балалар кітапханасының құрылғанына 60 жыл (1951)
14 мамырЫқтымбаев Нұржұман Байжұманұлы, актер, артисі, туғанына 70 жыл (1941)
15 мамырНоғайбаев Ыдырыс, халық әртісі, актер, туғанына 80 жыл (1931-1989)
15 мамырСапарбаев Исраил, ақын, туғанына 70 жыл (1941)
15 мамырСегізбаев Кәдірбек, жазушы, туғанына 70 жыл (1941)
19 мамырСухов С. Я., график-суретші, мәдениет қызметкер, туғанына 100 жыл (1911)
24 мамырМеңдіғалиев Нағым, композитор, өнер қайраткері, туғанына 70 жыл (1921)
26 мамырӘлибақиева Тамара Мәшүрқызы, музыкатанушы, өнертану докторы, туғанына 70 жыл (1941)
26 мамырТұяқбаев Нығмет Тұяқбаев, кен-инженері, профессор, туғанына 80 жыл (1931-1995)
28 мамырСаин Жұмағали, ақын, туғанына 50 жыл (1961)
МАУСЫМ 6 маусымӘлімбаев Шоқан, жазушы, туғанына 70 жыл (1941)
12 маусымКерімов Сағидолла Керімұлы, медицина ғылымының докторы, туғанына 70 жыл (1941)
16 маусымҮмбетәлиев Александр (Шора) Бисемәліұлы, әнші, Қазақ ССР-нің халық әртісі туғанына 70 жыл (1941)
18 маусымАйдаров Ғұбайдолла, түрколог, ғалым, фиология ғылымының докторы, ғылым қайраткері, туғанына 90 жыл (1921)
22 маусымТапбергенов Салават Оразұлы, биохимик, биология ғылымының докторы, туғанына 70 жыл (1921)
22 маусымҰлы Отан соғысы, басталғанына 70 жыл (1941-1945)
23 маусымЖақаев Ыбырай, күрісші, Социалистік Еңбек Ері, туғанына 120 жыл (1891-1981)
23 маусымОбаев Есмұқан Несіпбайұлы, режиссер, халық артисі, профессор, туғанына 70 жыл (1941)

ШІЛДЕ
1 шілдеӘкімжанов Зейнолла, ақын, туғанына 60 жыл (1951)
1 шілдеҚамбаров Қапан, жазушы, туғанына 90 жыл (1921)
4 шілдеБрагин Алексей Иванович, ақын, аудармашы, туғанына 100 жыл (1911-1991)
16 шілде Полухин Петр Иванович, металлург, Қазақ ССР ҒА-ның академигі, туғанына 100 жыл (1911)
18 шілдеӘшімов Сағи Асанәліұлы, актер, туғанына 50 жыл (1961-1999)
ТАМЫЗ
2 тамызМералыұлы Мұхит, халық композиторы, туғанына 170 жыл (1841-1918)
6 тамызТұрдықұлова Ұрия, әнші, ұлттық опера өнерінің негізін салушыларының бірі, халық әртісі, туғанына 100 жыл (1911)
15 тамызБатталова Шәрбан Батталқызы, химик, Қазақ ССР ҒА-ның корр.-мүшесі, туғанына 90 жыл (1921)
19 тамызДүзелханов Ағымсалы Дүзелханұлы, суретші, өнер қайраткері, туғанына 60 жыл (1951)
20 тамызСәтбаева Мейіз Қанышқызы, геолог, геолог-минералогия ғылымының докторы, туғанына 80 жыл (1931)
25 тамызТатенко Владимир Пантелеевич, кино-режиссер, сценарист, өнер қайраткері, туғанына 80 жыл (1931)
28 тамызЖәнібек Өзбекәлі Жәнібекұлы, этнограф-тарихшы, қоғам қайраткері, тарих ғылымының докторы, туғанына 80 жыл (1931-1998)
28 тамызТөреқұлов Нысанбек, филолог, фиология ғылымының докторы, туғанына 90 жыл (1921)
29 тамызАсылбекұлы Серік, жазушы, фиология ғылымының кондидаты, туғанына 60 жыл (1951)
29 тамызҚазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойғанына 20 жыл (1991)
31 тамызШәріпова Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы, актриса, халық әртісі, туғанына 80 жыл (1931)
ҚЫРКҮЙЕК
1 қыркүйекЕрмеков Мағауия Әлімханұлы, Қазақ ССР ҒА-ның корр.мүшесі, геолог, туғанына 90 жыл (1921)
2 қыркүйекЖ.үсіпов Қуандық Фазылұлы, ғалым, фиология ғылымының докторы, туғанына 70 жыл (1941)
11 қыркүйек«Индустриальная Караганда» газетінің шыға бастағанына 80 жыл (1931)
12 қыркүйекШарипова Ғайша, жазушы, аудармашы туғанына 110 жыл (1901-1969)
15 қыркүйекСланов Ғабдол, жазушы, туғанына 90 жыл (1911-1969)
23 қыркүйекАрынов Нұрлан Мұхтарұлы, ғалым, медицина ғылымының докторы, туғанына 50 жыл (1961)
24 қыркүйекКөпжасарова Айша, ақын, туғанына 70 жыл (1941)
24 қыркүйекАупбаев Жанболат Әлиханұлы, жазушы, журналист, туғанына 60 жыл (1951)
30 қыркүйекСүлейменов Мадан Күнтуарұлы, заңгер, туғанына 70 жыл (1941)
қыркүйекАлматы шетел тілдері педагогикалық институтының ашылғанына 70 жыл (1941)
қыркүйек«Қазақстан коммунисі» журналының шыға бастағанына 90 жыл (1921)
ҚАЗАН 3 қазанМомышұлы Бақытжан, жазушы, аудармашы, туғанына 70 жыл (1941)
4 қазан«Орталық Қазақстан» газетінің (Қарағанды обл.) шыға бастағанына 80 жыл (1931)
5 қазанИсаев Базарбай, ақын, туғанына 70 жыл (1941)
10 қазанТөлепбаев Байдарбек, Қазақ совет тарихшысы, Қазақ ССР ҒА-ның академигі Ахметұлы туғанына 90 жыл (1921)
10 қазанАманжолов Қасым, ақын, туғанына 100 жыл (1911-1955)
15 қазанЫсмайылов Есмағамбет Самұратұлы, әдебиет зерттеушісі, сыншы туғанына 90 жыл (1911-1966)
15 қазанМұхамеджанов Шәміл, ақын, туғанына 80 жыл (1931-1980)
19 қазанҚасымжанов Ағын Хайроллаұлы, философ, туғанына 80 жыл (1931)
21 қазанХұсаинова Нағима Замалейқызы, гидро-биолог, биология ғылымының докторы, туғанына 100 жыл (1911)
23 қазанКияница Андрей Петрович, жазушы, прозашы, туғанына 100 жыл (1911) 25 қазанДүйсенбиев Әнуарбек, ақын, туғанына 80 жыл (1931-1979)
ҚАРАША
1 қараша«Коммунизм туы» газетінің (Шығыс Қазақстан обл.) шыға бастағанына 80 жыл (1931)
2 қарашаАлтынсарин Ыбырай, ағартушы, жазушы, қоғам қайраткері туғанына 170 жыл (1841-1889)
2 қарашаӘбілқасымов Бабаш Әбілқасымұлы, филология ғылымының докторы, туғанына 80 жыл (1931)
5 қарашаӘбдірахманов Тұрсынхан, ақын, ғалым, фиология ғылымының докторы, туғанына 90 жыл (1921-2003)
5 қарашаШаханов Берік, жазушы, прозашы, туғанына 70 жыл (1941)
7 қарашаӘбдірахманов Сауытбек, журналист, әдебиет-зерттеуші, киногер, ғалым, филология ғылымының кандидаты, туғанына 60 жыл (1951)
7 қарашаЕрғожин Еділ Ерғожаұлы, ҚР ҰҒА-ның корр. Мүшесі, химия ғылымының докторы, туғанына 70 жыл (1941)
11 қарашаБазанова Нәйля, академик, биолог, туғанына 100 жыл (1911)
15 қарашаҚ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының ашылғанына 20 жыл (1991)
15 қарашаМұхамедғалиев Фазыл Мұхамедғалиұлы, академик, биолог, морфолог, туғанына 100 жыл (1911-1989)
16 қарашаҚозыбаев Манаш Қабашұлы, Қазақ ССР ҒА-ның корр.мүшесі, совет тарихшысы, туғанына 80 жыл (1931)
19 қарашаТілеубаев Сейілбек, аудармашы, жазушы, туғанына 80 жыл (1921)
20 қарашаАхмедов Тимур Ғалымұлы, гидро-энергетика, техника ғылымының докторы, туғанына 80 жыл (1921)
23 қарашаӘбсәлемов Файзолла, кинооператор, өнер қайраткері, туғанына 100 жыл (1911-1993)
23 қарашаТілеков Жәрдем, жазушы, туғанына 100 жыл (1911-1980)
ЖЕЛТОҚСАН
5 желтоқсанДәрімбет Батырхан Ерғалиұлы, ғалым, фиология ғылымының кандидаты, туғанына 60 жыл (1951)
10 желтоқсанМемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақ Советтік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілгеніне 20 жыл (1991)
15 желтоқсанАмандосов Тауман Салықбайұлы, әдебиет зерттеушісі, профессор, фиологитя ғылымының докторы, туғанына 90 жыл (1921-1991)
15 желтоқсанКөшімов Әуезхан, ақын, прозашы, туғанына 70 жыл (1941)
16 желтоқсан16-18 желтоқсан Алматы қаласындағы қазақ жастарының баскөтерілуіне 25 жыл (1986)
16 желтоқсан«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Консититуциялық заңының қабылдағанына 20 жыл (1991)
20 желтоқсанЖетпісбай Қадыр Рахымбайұлы, режиссер, халық артисі, туғанына 70 жыл (1941-1999)
23 желтоқсанӘукебаев Есет, ақын, мәдениет қызметкері, туғанына 90 жыл (1921)
25 желтоқсанБектұров Әбікен Бектұрұлы, Қазақ ССР ҒА-нің академигі, совет химигі, туғанына 110 жыл (1901-1985)
25 желтоқсанҚасымбаев Жанұзақ, тарих ғылымының докторы, профессор, туғанына 70 жыл (1941)
27 желтоқсанДәрібаев Қанапия, ақын, ұстаз, туғанына 80 жыл (1931)
АЙЫ МЕН КҮНІ БЕЛГІСІЗ ДАТАЛАР
Айнатасов Тәужан, ақын, туғанына 120 жыл (1891-1962)
Абылай хан, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы, туғанына 300 жыл (1711-1781) Ақылбайұлы Әубәкір, ақын, әнші-сазгер, туғанына 130 жыл (1881-1934)
«Алма-Арасан» курортының ашылғанына 80 жыл (1931)
Алматыдағы Медеумұз айдынының ашылғанына 60 жыл (1951)
Бейісов Темір Бейісұлы, ғалым, филология ғылымының кандидаты, туғанына 100 жыл (1911-1995)
Бекетова Баян, ақын, тілші, туғанына 50 жыл (1961)
Бөкей ордасының шаруалар көтерелісінің басшысы Исатай Таймановтың туғанына 220 жыл (1791-1838)
Бөлтірік Әлменұлы, шешен, батыр, ақын, туғанына 240 жыл (1771-1854)
Елшібеков Ахмет, жазушы, аудармашы, туғанына 110 жыл (1901-1980)
Ермеков Әлімхан Әбуұлы, қоғам қайраткер, математик, ұстаз, ғалым, туғанына 120 жыл (1891-1970)
Жарылғапберді Жұмабайұлы, әнші, композитор, ақын, туғанына 160 жыл (1851-1914)
Жәңгір хан, туғанына 210 жыл (1801-1845)
«Қазақфильм» киностудиясының құрылғанына 70 жыл (1941)
«Қызыл Қазақстан» журналының жарыққа шыққанына 90 жыл (1961)
Оразалыұлы Сейтек, күйші, композитор, домбырашы, туғанына 150 жыл (1861)
С. Ж. Асфендияров атындағы мемлекеттік медициналық университетінің ашылғанына 80 жыл (1931)
Сүйерқұлұлы Шоған, ақын, туғанына 460 жыл (1551-1618)
Тобылбайұлы Арыстанбай, ақын, туғанына 200 жыл (1811-1880)
Шыршыұлы Нұрым, ақын, туғанына 180 жыл (1831-1908)
 
АТАЛЫП ӨТІЛЕТІН КҮНДЕРГЕ ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА
ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
31 қаңтар Нұрпейісова Дина Туғанына 150 жыл (1861-1955) Күйші, домбырашы, композитор, Қазақстанның халық артисі, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Дина домбыра тартуды 8-9 жасынан үйренеді. Оның Құрманғазымен кездесуі болашақ өнер жолында шешуші рөл атқарған. Дина Құрманғазының күйшілік-орындаушылық өнеріндегі ерекшеліктерін, стилін, дәстүрін жалғастырды. Динаның «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезінеді. Оның салтанатты, шаттыққа толы «Тойбастары», әсем, нәзік сазды «Бұлбұлы» мен «Әсемқоңыры» қазақ халқының жаңа бағыттағы күйлерінің негізін салған үздік туындылар. Күйші замана шындығын «Жеңіс», «Ана аманаты, «Сегізінші март, «Сауыншы», «Еңбек ері» атты шығармаларында асқақ шабытпен күйге қосты. Динаның шығармашылық мұраларының ішіндегі ең бағалысы, әр түрлі стильдік элементтерді синтездеу жолымен қазақ домбыра өнерінде жаңа үрдістің негізін қалауы болып табылады. Динаның өмір жолы, өнері туралы А. Жұбанов, Г. Бисенова, Ж. Рсалдин зерттелер, жазушы С. Бақбергенов «Қайран шешем» атты роман жазды. Суретші А.М. Черкасский, Г. Ысмайылова Динаның портретін салды. Дина 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдермен марапатталған. ♦ Жұбанов А. Ғасырлар пернесі, Алматы, 2002. Қазақстан : ұлттық энциплопедия 10 томдық. – Алматы, 2001. - 3 Т. - 234 – 235 б. Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар: көркемсуретті альбом. – Алматы : Өнер, 2003. Қыдырбайұлы Хаджи-Мұрат. Күйшілер мен күйлер. - Ақтөбе: Полиграфия" ӨБ, 1992.- 124 б. Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы / Т. Жұмалиева, Д. Ахметбекова, Б. Ысқақов. –Алматы : ОО "ДОИВА Медеуского р-на г. Алматы", 2005.- 560 б. Биалиева Р. Күй анасы-Дина: Ер есімі ел есінде // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. – 2006. - № 9. - 39-42 б. Қапашев Л. Күй анасы ізімен // Ана тілі. - 2008. - 3 сәуір. - 12-13 б. Тұрабаева Л. С. Бақбергеновтың шығармасындағы күйші тұлғасының сипатталуы // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2008. - № 3. – 31 – 35 б. Қазақтар : анықтамалық 9 томдық. – Алматы, 1998. – 2 Т. – 136-138 б. Тарихи тұлғалар / Б. Тоғысбаев, А. Сужикова. – Алматы : Алматы кітап, 2006. – 244-245 б. 9 ақпан Мұқағали Мақатаев Туғанына 80 жыл (1931-1976) Жыр алыбы, ақиқат, қыран тұғырлы, арқалы ақын М. Мақатаевтың тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. Ақынның есімі «Аппасияната» поэмасы арқылы танылды. «Қарлығашым келдің бе?», «Дариға-Жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір-дастан», «Өмір-өзен», «Бәсіре», «Соғады жүрек» таңдамалы екі томдық, «Шолпан», «Қош махаббат» атты поэмалық жинақтары ұлттық әдебиетімізге, қазақ поэзиясының асыл қазынасына қосылған үлкен үлес болды. Ақын қалам тартпаған тақырып жоқ. Тіпті өзі өмірден өткеннен кейін де өлеңінің қалай өріс алатынын, қазіргі даңқын да таң қаларлықтай дәл білген: Жырым менің жай болып атылған, Атылғанда аспаннан оқылғанда Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп, Жанар пайда болады соқырларға М. Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзлістен, шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ол қазақ тарихындағы ең оқырманы көп ақын, қалың халықтың құдіреті болған ақын үлкенді-кішілі прозалық туындыларында да сол ақы күйінде қалған. Өнердің биіктігі мен адам биіктігінің тұтастығын, жарасымын іздеген ойлы оқырман үшін керегі де сол болса керек. ♦ Мақатаев М. Аққудың қанатына жазылған жыр : өлеңдер, поэмалар, аудармалар / Алматы, Шартарап, 2001.- 352 б. Мақатаев М. Аманат : жыр жинағы / құраст. А. Алтай.- Алматы, Атамұра, 2002. - 304 б. Мақатаев М. Үш томдық шығармалар жинағы : өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Жазушы. – Т.1. – 1991. – 368 б. Т. 2. – 1993. – 352 б. Т. 3. – 1993. – 344 б. Мақатаев М. Аманат : Жыр жинағы / Құраст. А. Алтай. – Алматы : Атамұра, 1999. – 302 б. Мақатаев М. Қарасаздан ұшқан қарлығаш. – Алматы : Жалын, 1999. – 244 б. Мақатаев М. Менің бір досым ; Тоқашқа ; Нені аңсаймын?І : өлеңдер // Жас Алаш. - 2000. - 8 ақпан. ♦ ♦ ♦ Айбеков Д. Мұқағалиды түсінгенімді мақтан етемін / Д. Айбеков // Мұқағали. - 2009. - № 10. - 43-44 б. Асқар О. Мұқағалиға : Қара өлең, қасиетіңнен айналайын / О. Асқар // Мұқағали.- 2007. - № 8. - 27 б. Әбдірайымова Г. Ақын рухымен сырласу : [М. Мақатаевтың туғанына-75 жыл] / Г. Әбдірайымова // Бала тәрбиесі. - 2006. - № 2. - 22 б. Әкімханов М. Айтып өткен ақында арман бар ма... : [ақын Мұқағали Мақатаев туралы] / М. Әкімханов // Әдебиет айдыны. - 2005. - 2 ақпан. - 4 б. Байжұманов Р. Мұқағали Мақатаев-қазақтың ұлы ақыны / Р. Байжұманов // Алтын ұя. - 2009. - 26 наурыз. - 2 б. Балабатырұлы А. Мұқағалиға : поэзия / А. Балабатырұлы // Атамекен. - 2007. - 12 қыркүйек. - 7 б. Ерғожаев А. Бір сәттік сәуле : Мұқағали Мақатаев туралы естеліктер / А. Ерғожаев // Туған өлке. - 2006. - № 1. - 34-35 б. Нұрмұханбетұлы, К. Мәңгілік Мұқағали : ақын М. Мақатаевтың өмірінен естеліктер / К. Нұрмұханбетұлы // Қазақ елі. - 1997. - 21 ақпан. - 5 б. Ібітанов Е. Мен білетін Мұқағали / Е. Ібітанов // Мұқағали. - 2009. - № 10. - 15-21 б. 1 наурыз Өмірбек Жолдасбеков Туғанына 80 жыл (1931-1999) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, академик, техника ғылымының докторы, профессор. Мәскеу Университетін бітіргеннен кейін 1961 жылы Мәскеу тоқыма институтының аспирантурасын бітірді. 1962-1964 ж. Қазақ Политехника институтының доценті, кафедра меңгерушісі, деканы. 1970 жылы оқу жұмысы жөніндегі проректоры болып қызмет атқарды. 1970-1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің ректоры. 1986 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының механика және мәшинетану институтының директоры, ҚР Инженерлік Академиясының президенті болды. 400-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 18 монография, 30 оқу құралы, 120 авторлық куәлік пен шетелдік патент бар. Мәшинетану жөніндегі тұңғыш қазақ терминологиясын жасаған, механизмдер мен мәшинелер теориясытуралы және университеттер мен жоғары оқу орындары үшін теориялық механика жөнінде қазақ тілінде тұңғыш оқулық жазған ғалым. 24 ғылым докторын және 90-нан астам ғылым кандидаттарын дайындаған. Ө. Жолдасбековтың ғылымдағы, депутаттық қызметтегі барлық қажырлы да жемісті еңбек ғана үлкен мақсатқа - өз халқына, Қазақстанның гүлденуі мен игілігіне етуге арналды. ♦ Жолдасбеков Ө. А. Кинематика есептері және олардың шешу жолдары : Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған көмекші құрал. – Алматы : Мектеп, 1985. – 230 б. Жолдасбеков Ө., Ахметов А. Қ. Қатты денелер механикасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. – Алматы : Өнер, 1997. - 88 б. Жолдасбеков Ө. Теориялық механика:мемлекеттік университеттер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. – Алматы: Мектеп. – 1982 – Т. 1. – 1982. – 375 б. Т.1. – 1992. – 288 б. Жолдасбеков Ө., Бәкір Ә. Білім қоғамының өркениеттілігінің айқындайды : [орта білім дамыту тұжырамдамасы туралы пікір мен ұсыныс] / Ө. Жолдасбеков, Ә. Бәкір // Егемен Қазақстан. - 1997. - 19 тамыз. Жолдасбеков Ө. Егемендік жолындағы арпалыс : [Желтоқсан шежіресі] / Ө. Жолдасбеков // Бала тәрбиесі. - 2005. - № 6. - 29-30 б. Тәтіғұлов Ә. Ордалы ойлы азамат : (Өмірбек Жолдасбеков туралы бірер сөз) / Ә. Тәтіғұлов // Ақиқат. - 2006. - № 3. - 40-42 б. 22 наурыз «Жас Алаш» газеті Жарық көргеніне 90 жыл (1921) Қазақстан Республикасының ұлттық басылымы, жастардың сүйікті төл газеті. Тұңғыш нөмірі 1921 жылы 22 наурызда Түркістан мен Қазақстан жастарына арналып «Жас алаш» деген атпен жарыққа шықты. Ұйымдастырушы және тұңғыш редакторы – Ғани Мұратбаев. 1922 жылы 1 қыркүйектен «Жас қайрат», 1922 жылы Орынборда «Өртең», 1924 жылдары «Еңбекші қазақ», 1927 жылдан бастап «Ленинші жас» газеті болып үзбей шығып келді. 1991 жылдан «Жас алаш» деген алғашқы аты беріліп, жастар газетінен қоғамдық-саяси газет болып өзгертілді. Осындай тарихы кең басылымға осы уақытқа дейін 31 ден аса жетекші редакторлар қызмет еткен. «Жас алаштың» шығу таралымы сексенінші жылдары жалпы тиражы 300 мыңдай болса, 1992 жылда 273.000 дана барды. Қазіргі кезде дербес мемлекеттің, жаңа өмірдің мәдениетін жаңарту үрдісін насихаттайтын басылымның бірі, таралымы – 133068 дана. «Алтын жұлдыз» конкурсында 21 газетпен конкурсқа түсіп, озып шықты. «ХХІ-дің үздігі» деген атаққа ие болды. ♦ Асабаев З. Сағым жылдар елесi : ["Жас Алаш" газетiнiң 80 жылдығына орай 1958 жылы түскен ұжым мүшелерiнiң естелiк суреттерi берiлген] / З. Асабаев // Жас Алаш. - 2001. - 11 тамыз. - 5 б. Дәуренбеков Ж. Журналистiң бағы жақсы ортадан : ["Жас Алаш" газетi жайында] / Ж. Дәуренбеков // Егемен Қазақстан. - 2001. - 22 наурыз. - 5 б. «Жас Алаш» ХХІ-дің үздігі : [«Жас алаш» газеті «Алтын жұлдыз» конкурсының жүлдегері атанды] // Жас алаш. - 2000. - 1 шілде. Жүсiп Н. Мен "Лениншiл жастың" 282 мың оқырманын iздеп жүрмiн : ["Жас Алаш" газетiнiң 80 жылдығына орай Бас редактор Нұртөре Жүсiппен әңгiме] / Әңг. Р.Төленқызы // Жас Алаш. - 2001. - 28 сәуiр. - 7 б. Қалижанов У. Жылдар мен сындар : [«Ленинші жас» газетінің тарихы] / У. Қалижанов // Ленинші жас. – 1991. – 22 наурыз. Қажиев С. Жас Алашқа : Өлең / С. Қажиев / Жас Алаш. - 2001. - 25 желтоқсан. - 4 б. Қожакеева Т. «Жас алаштан», «Ленинші жасқа» дейін : [«Лениншіл жас» газетінің тарихынан] / Т. Қожакеева // Жас алаш. – 1991. – 5 мамыр. Қожахметова М. Құстай ұшқан күндер-ай : "Жас Алаш" газетiнiң 85 жылд. байланысты естелiктерi / М. Қожахметов // Жас Алаш. - 2006. - 14 ақпан. - 4 б. Қоңыратбай Т. Алаш жастардың аламаны / Т. Қоңыратбай // Жас Алаш. - 2002. - 30 сәуiр. - 4 б. Мұртаза Ш. Шындық үшiн отқа түс : Жас Алашқа - 85 жыл / Ш. Мұртаза // Жас Алаш. - 2006. - 14 ақпан. - 1 б. Оразбекова К. Жастарға жанашыр басылым : [«Жас Алаш» газеті туралы] / К. Оразбекова // Жас алаш. – 1995. – 2 қараша. Сәрсенбай Ж. Жаса, жастықтың жаршысы : «Жас Алаш» газетіне – 75 жыл! / Ж. Сәрсенбай // Алматы ақшамы. – 1996. – 21 наурыз. 2 сәуір Аравин Юрий Петрович Туғанына 70 жыл (1941) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, музыкатанушы 1941 ж. Тверь қаласында (Ресей) туған. Новосибирь консерваториясының тарихи - теоретикалық факультетін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (ғылыми жетекшісі - профессор Б. Г. Ерзакович) бітірген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында, Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында музыкалық - тарихи және теориялық пәндерден дәріс берген. Аравин педагогикалық қызметін ғылыми - зерттеу және музыкалық - ағарту жұмыстарымен байланыстырды. Ол халықтық - кәсіби композитор - күйшілердің өмірі мен творчествосына, симфонизмнің әндік бастаулары мәселелері, Қазақстан композиторларының симфониялық музыкасындағы музыкалық бейнелердің жанрлық жинағы мен бағдарламалылығына қатысты мәселелерді көтерді. Оның музыкатанулық қызметін, ғылыми және творчестволық көп қырлы ізденісін конференцияларда жасаған баяндамалары мен хабарламалары, радио мен телевидениеден берген хабарлары, филармониядағы лекциялар циклы, мерзімді басылымдарда жарияланған материалдары сипаттайды. Аравин - "Дыбыстар музейі", "Қазақ музыкасының кіші антологиясы" сияқты танымал телехабарлардың және "Тотем" радиосындағы "Дала шоқжұлдызы" авторлық циклдық хабарлардың авторы. Аравиннің "Абай жадына арналған лирикалық поэма", "Қазақстанның симфониялық поэмаларының тақырыбы мәселесі туралы", "Халық қаһармандары туралы үш поэма", "М. Төлебаевтың "Қазақстан" поэмасы", "Қазіргі замандық ұйғыр симфониясының бастама көздері", "Әндік симфонизм тарихына", "Дала шоқжұлдызы: Қазақ музыкасы туралы очерктер мен этюдтер" және т. б. шығармалары қазақтың музыкатануына қосылған өлшеусіз үлес болып табылады. ♦ Аравин Ю. Қазақтың философиялық көзқарасы - қобыздың үнiнде: Өнертанушымен музыка өнерi, оның iшiнде ұлт аспаптары туралы сұхбат / Әңг. Б. Бимухамед // Айқын. - 2005. - 21 қаңтар. - 5 б. Аравин Ю. "Түстiк жұртының саумал сазы жаныма сiбiрдiң салқын лебiнен жайлы": [Музыка зерттеушiсi, қазақ теледидарының "Дыбыстар мұражайы" музыкалық хабары жүргiзушiсiнiң өзi жайлы және қазақтың ұлттық музыкасы жайлы әңгiмесi / Жазып алғ. Р.Мырзахмет] // Ана тiлi. - 1994. - 30 желтоқсан. - 4 б. Аравин Ю. Жақсы әуен сөздi қажет етпейдi. Оны тыңдау керек: Музыка зерттеушiсiмен сұхбат / Әңг. Т. Алдабергенқызы // Түркiстан. - 2004. -12 ақпан. - 8 б. Есали А. Өмiрге ғашық Аравин немесе қазақ музыкасының жанашары : [Музыкатанушы Ю. П. Аравин туралы] / А. Есали // Егемен Қазақстан. - 2002. - 15 ақпан. - 4 б. Сыбанбаев С. Ұлты орыс қазақ музыканты : [Ю.П.Аравин туралы] / С. Сыбанбаев // Ақ желкен. - 1994. - N 1. - 53 - 55 б. Аравиндi ардақтады // Алматы ақшамы. - 2008. - 11 қараша. - 11 б. 7 сәуір Мұнайтпасов Қажымұқан Туғанына 140 жыл (1871-1948) Қазақ палуаны, кәсіби күрескер, французша және еркін күрестерден көптеген халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, әлемдік спорт аренасына шығып, шет елдердегі жарыстарда атақ-даныққа бөленген тұңғыш қазақ. Оның палуандық жолы 1901 жылы басталады. 1904 жылдан 1907 жылға дейін классикалық күрес пен цирктік өнерге үйренеді. 1908 жылы Германияның Кельн қаласында өткен жарыста шешуші белдесуде немістің атақты палуаны Генрих Веберді жеңіп, бірінші рет әлем чемпионы болды. 1909 жылы Рига қаласында дүние жүзінің атақты палуандары қатысқан үлкен жарыста бас бәйгені жеңіп алды. 1910 жылы Варшавада өткен халықаралық жарыста кіші алтын медельға ие болды. 1914 жылы Парижде әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Қажымұқан французша және еркін күрес бойынша өткен көптеген турнирлердің, Мәскеуде, Киевте, Минскіде, Лондонда, Берлинде, Стокгольмде, Будапештте, Харбинде, Қабылда, Тегеранда өткен халықаралық чемпионаттардың жүлдегері болды. 1927 жылы ҚазАКСР Орт. Атқару комитетінің Президиумы Қ. Мұнайтпасовқа «Қазақ даласының батыры» атағын берді. Ұлы палуан 2-дүниежүз. Соғыс жылдарында 100 мың сом қаржысына ұшақ жасатып, оған Аманкелді Имановтың есімін бергізіп, майданға жіберді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. «Қажымұқан», «Біздің батырларды біліңіз» атты ол туралы кинофильмдер түсірілді. Астана және Шымкент қалаларындағы орталық стадионға ұлы палуанның есімі берілген. Алматы, Астана, Семей, Шымкент қалаларында Қажымұқан атындағы көшелер бар. ♦ Әбдіқадыров Қ. Қажымұқан : повесть. – Алматы : Жазушы, 2007. – 240 б. Бүркітбаев Ә. Қажымұқан : деректі повесть. – Алматы : Жалын, 1990. – 540 б. Керейбай М. О. Қажы Мұқан. – Астана : Фолиант, 2006. – 372 б. Күш атасы : естеліктер / құраст. Қ. Тәшімбаев. – Алматы : Қазақстан, 1990. – 336 б. Қажымұқан Мұңайтпасов туралы естеліктер / құраст.Н. Бегалыұлы. – Алматы : Білім, 2004. – 224 б. Қазақ балуандары : тарихи-деректі басылым 2 т. – Астана : Ер дәулет, 2006. – 472 б. Қожанұлы О. Қажымұқан : деректі хикаят. – Павлодар : ЭКО, 2006. – 194 б. Тәнекеев М. Қажымұқан. – Алматы : Білім, 2001. – 192 б. Шілтерханов Ә. Үш бәйтерек: естелік, эссе. – Алматы : Жалын, 1988. – 192 б. 18 сәуір Зейтін Ақышев Туғанына 100 жыл (1911-1991) Белгілі жазушы, публицист. Жазушы творчествосында өткірлік, батылдық басым, жалынды публицистикасында логикалық көркем сурет пен беделді образдары арқылы төңірегіндегілерді асыл арманға жетелеп отырады. 1930 жылы «Алғашқы үй» атты тұңғыш өлеңі басылды. Әңгіме, повестер жинақтары жеке кітап болып басылды. Драматургия саласында «Ақбел асуы», «Жесірлер», «Бұршақ соққан жер», «Иман-Жүсіп» атты тарихи романдары оқырман қауымға кеңінен таныс. Жазушы аударма саласында оқу-методикалық құралдар мен оқулықтар, саяси-ғылыми кітаптардан бастап, көркем аудармаға дейін аударған. Жазушының тіл тағдырына толғана үн қосып жазған тындылары да көп. Бүкіл төңіректе болып жатқан жақсы да жаман құбылыстың бәрін жүрекпен сезе біліп, жанашыры бола білген. ♦ Ақышев З. Ақбел асуы. – Алматы : Жазушы, 1971.- 240 б. Ақышев З. Жаяу Муса : Роман. - Алматы: Жазушы, 1978. - 448 б. Ақышев, З, Тоқжігітов, М. Телқоңыр : деректі повестер.- Алматы : Өнер, 1986. - 174 б. Ақышев З. Ақ жүректі адам : Ж. Аймауытов туралы // Бес арыс / Құраст. Д. Әшімханов. – Алматы, 1992. – 396-401 б. Ақышев З. Ахаң қашан, қайда өлген? : А. Байтұрсынов туралы дерек / З. Ақышев // Қазақ әдебиеті. – 1991. - 11 қазан. – 12 б. Әлімбаев М. Зейінді зерде – зергерлік перне / М. Әлімбаев // Ленинші жас. – 1991. – 18 сәуір. Ақшалақов Т. Қарымды қаламгер : жазушы З. Ақышев 80 жаста / Т. Ақшалақов // Қазақастан мұғалімі. – 1991. – 19 сәуір. Сыздықова Р. Таланттың тағы бір қыры / Р. Сыздықова // Қазақ әдебиеті. – 1991. – 12 сәуір. – 4 б. 24 сәуір Целиноград облысының құрылғанына 50 жыл (1961) Тың жерлерді игеру қала мен облыс тарихындағы жаңа беттерді құрайды. Тың жылдарында саяси, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық сипаттағы бірқатар өзгерістер жүзеге асты. 1960 жылғы 26 желтоқсанда Тың өлкесін құру туралы Жарғы шықты. 1961 жылдың 20 наурызында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарғысымен Ақмола Целиноград қаласы болып өзгертілді. Ал 1961 жылдың 24 сәуіріндегі Жарғымен орталығы Целиноград болған 14 ауданнан тұратын Целиноград облысы құрылды. Бұрынғы Ақмола ауданы Целиноград деп атала бастады. Қалашық тұрғындарының саны бірден өсті, тың игерушілердің бірқатар бөлігі қалада тұрақтап қалды. 1961 жылдың басында тұрғын үй қоры 115 мыңға жуық адам тұратын 600 мың шаршы метрді құрады. 1963 жылдың 6 қарашасында қалада телеорталық жұмысын бастады. Латыш архитекторларының жобасы бойынша салынған Тың игерушілер сарайы бой көтерді. Ол 2 355 орынға есептелді. Масштабы мен жабдықталуы бойынша ол КСРО-да Кремльдегі съездер сарайынан кейінгі екінші ғимарат болып саналды. Жастар үйі, «Есіл» қонақ үйі және екі көпір салынды. «Казахсельмаш», «Целиноградсельмаш» атты маңызды заводтар жұмыс істеді. 1960-1980 жылдары 30 жобалық және ғылыми-зерттеу институттары ашылды, жоғары оқу орындарының саны бірден төртке өсті. Айталы А. Астана деген атың бар / А. Айталы // Егемен Қазақстан. – 2005. – 4 маусым. – 3 б. Астан : энциклопедия. – Алматы : Атамұра, 2008. – 576 б. Астана : жолсілтеме. – Алматы : Алматыкітап, 2008. – 199 б. Әбдіманапов С. Бабалар аманатын арқалаған қала / С. Әбдіманапов // Егемен Қазақстан. – 2007. – 29 маусым. – 1, 5 б. Садықбай Ж. Астананың төлтаңбасы / Ж. Садықбай // Астана хабары. - 2007. - 8 желтоқсан. - 8 б. Төлеуханқызы А. Бұзақ, Ақмола, Целиноград және Астана / А. Төлеуханқызы // Егемен Қазақстан. – 2007. – 30 маусым. – 6 б. 15 мамыр Ноғайбаев Ыдырыс Туғанына 80 жыл (1931-1989) Актер, Қазақ КСР-інің (1966) және КСРО-ның (1982) халық артісі. 1954 ж. Мәскеудің Мемлекеттік театр өнері институты жанындағы қазақ студиясын бітірген. Сол жылдан өмірінің соңына дейін Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек етті.Сахнада алғашқы қадамын орыс жазушысы А. М. Горький драмасы бойынша қойылған спектакльдерде Тетерев пен Егор Булычев рөлін ойнаудан бастады. Күрделі сахналық шешімін тапқан: Абай, Қобыланды, Есен, Жабай, Қарабай, Құрбан, (Қ. Мұхамеджановтың «Жат елдесінде»), Кәлен(Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тер», КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1974), Әлішер Науаи, Отелло, Петруччио, Теодоро(Лопе де Веганың «Қызғаныштан махаббатында»), Оразқұл(Ш. Айтматовтың «Ақ кемесінде»), тағы басқа өзара ұқсамайтын, қилы-қилы тағдырларды сомдады. 1955 жылдан фильмдерге түсіп, ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Амантай(«Ботагөзде»,1985), Данияр(«Асауда»,1963), Нармағанбет(«Алғашқы мұғалімде», 1964), Сағит «Шыңдағы шынарда», 1965), Бәйтенов(«Қилы кезеңде», 1966), Сарлыбай(«Қыз Жібекте»,1970), Кемелов («Нан дәмінде», 1979), Бөгенбай(«Жаушы»,1980) тағы басқа рөлдерде ойнады. 1980 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. 1980 жылдан доцент, ал 1984 жылдан профессор, педагогикалық қызметпен щұғылданды. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Оның есімі Алматы облысының Іле аудандағы № 18 орта мектепке берілген(1996). ♦ Әбединова С. "Иә, мен Әуезовтiң Абайымын, Нұрпейiсовтiң Қаленiмiн, Ноғайбайдың Ыдырысымын": Көрнектi қазақ актерi Ыдырыс Ноғайбаев жайлы / С. Әбединов // Қазақ әдебиетi.- 2001.- 18 мамыр.- 10 б. Бағдәулетқызы Ә. Сахнаға күн көтерiп шығатын / Ә. Бағдәулетқызы // Алматы ақшамы.- 2010. - 27 ақпан. - 12-13 б. Байсеркеұлы М. Сахна суреткерi : [КСРО халық әртiсi,мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, профессор Ыдырыс Ноғайбаев туралы] / М. Байсеркеұлы // Егемен Қазақстан. - 2001. - 16 мамыр. - 4 б. Қазақстан : ұлттық энциплопедия 10 томдық. – Алматы, 2001. – 7 Т. - 70 б. Қалиұлы Ө. Саф өнердiң саңлағы : КСРО халық арт., проф. Ыдырыс Ноғайбаев туралы / Ө. Қалиұлы // Жетiсу.- 2006. - 28 қараша - 4 б. Рахимов Ә. Ыдырысты бiз сыйласақ, бiздi ел сыйлайды / әңг. Ә.Бағдәулетқызы // Алматы ақшамы. - 2010. - 24 сәуiр. - 14 б.
Категория: Библиотека | Добавил: nurgul_zg (18.Дек.2010)
Просмотров: 3411 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Полезные ссылки