КМиБ
МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІНІҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! .......................................................................... WELCOME TO THE OFFICIAL SITE OF COLLEGE OF MANAGEMENT AND BUSINESS! .......................................................................... ДОБРО ПОЖАЛОВАТЬ НА ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КОЛЛЕДЖА МЕНЕДЖМЕНТА И БИЗНЕСА!
Главная » 2020 » Ноябрь » 19 » Құқық қорғаушылардың оқу тәжірибесі
15:16
Құқық қорғаушылардың оқу тәжірибесі

     26-қазанның 8-қарашасы аралығында "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша қ оқитын ПОД-32 тобының студенттері қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша оқу тәжірибесін өтті. Оқу тәжірибесі болашақ мамандардың теориялық білімдерін бекітудің негізгі жолы.

Оқу тәжірибесінің мақсаты – студенттердің болашақ кәсіби қызметінің негіздерімен, оның мақсаты мен міндеттерімен танысу, таңдаған кәсіптің ерекшеліктері туралы мәліметтер алу.

Заңгер дегеніміз – заң саласындағы, заңгерлік қызметтегі, заңдық істерді (құқықтық нормаларға сәйкес қарастыру мен шешім қабылдауды талап ететін және қылмыстық істер мен азаматтық дауларды, қақтығыстарды) жүзеге асыратын маман. Біздің кқлледжде заңгерлік даярлық қазіргі заман талабына сәйкес жүргізіліп, оқыту процесінің негізгі мазмұнын құрайды және оның маңызды мәселелеріне жауап береді.
   Қазіргі қоғамның заңгер маманға деген талабына, дәрежесіне сәйкес келуі – дайындығы кәсіби стандартқа жауап беретін құқықтық және заң жұмысының негізін білуі, заңгердің қызметі – құқықтық ақпаратпен жұмыс жасай отыра, оның ішкі мәнін түсіну.

Ол дегеніміз – материалдың мазмұнын, құқықты тарату мүмкіндігін бекіту, оның басқару потенциалын көтеру және т.б. Аталған жұмыстарды орындау барысында заңгерлер тек құқық көздерін ғана біліп қоймай, құжат мәтіндерін талдай алуы, қайта шыққан заңнамалық құжат актілерін салыстыру, берілген нұсқаның ішінен дұрысын іріктеу жұмыстарын тиімді атқара алады.
    Жалпы заңгер кәсібіне қойылатын талаптар: нақты және теориялық білімді, қазіргі құқықтық және экономикалық қатынастарда ойлау қабілеті дұрыс, мемлекеттік саясат ағымын талқылай алатын маман болу; заңдарды білу; өзінің білімін кәсіби қызметтегі практикада пайдалана білу; мамандығы бойынша практикалық дағдыларды игеру немесе жұмысында қолдана алу қабілетінің барлығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 12 | Добавил: Маргулан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Полезные ссылки