КМиБ

КОЛЛЕДЖ МЕНЕДЖМЕНТА
и БИЗНЕСА
города Астаны
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІНІҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! .......................................................................... WELCOME TO THE OFFICIAL SITE OF COLLEGE OF MANAGEMENT AND BUSINESS ASTANA! .......................................................................... ДОБРО ПОЖАЛОВАТЬ НА ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КОЛЛЕДЖА МЕНЕДЖМЕНТА И БИЗНЕСА ГОРОДА АСТАНЫ!
Главная » 2018 » Октябрь » 10 » 8 қазан күні колледж кітапханасында студенттер ҚР Президентінің Қазақстан халқына кезекті жолдауын талқылады.
07:34
8 қазан күні колледж кітапханасында студенттер ҚР Президентінің Қазақстан халқына кезекті жолдауын талқылады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының жарқын келешегіне арналып отыр. Азаматтардың әл-ауқатына әлеуметтік оңалуына әсер ететін жолдаудағы халық табысын өсіру, «Бизнес жол-картасы» бағдарламасының қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту, маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейту, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешені, сапалы азық-түлікте отандық тауарларды қолдау, сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй мақсаттары әсіресе бюджет саласындағы қызметкерлерді куанышқа бөлейді.

Жолдаудағы өте өзекті мәселлердің бірі жастарды жұмыспен қамту. Қазіргі жастар еліне берері бар өте білімді жастар. Қолдарында дипломдары бар жастардың дамуына еш кедергі болмауы керек. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі»- дегендей алғаш рет «педагог мәртебесі туралы» заң қабылданатын болды. Бұл педагог мәртебесін жоғарлатып, ұстазға деген құрметті арттыра түседі.

100 $IMAGE3$ 

 

Просмотров: 24 | Добавил: nurgul_zg | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Полезные ссылки