kk ru en
КМиБ
Главная » 2021 » Март » 30 » Еңбек нарығына - білікті мамандар қажет!
13:15
Еңбек нарығына - білікті мамандар қажет!

  Бүгінгі таңда еңбек нарығында білікті мамандар тапшылығы орын алуда.  Нарықтық экономика жағдайында жұмыс берушілермен тығыз байланыста болсақ ғана,  колледж өзінің басты мақсатын – кәсіби даярлыққа және еңбек нарығындағы сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті білікті маманды дайындау мақсатын – орындай алады. Сонымен қатар, осы бағытта, яғни маман тапшылығын азайту мақсатында  мемлекет көптеген жағдай жасап отыр. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. 

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға  жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

Мемлекеттік бағдарламаның міндеттері:

  • Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
  • Жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.
  • "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберінде кадрлар даярлау.
  • Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде қысқартылатын жұмыскерлерді кәсіптік оқыту.
  • "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
  • Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредит беруді кеңейту.

БІРІНШІ БАҒЫТ: "ЕҢБЕК" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІММЕН ЖӘНЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК ОҚЫТУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ЕКІНШІ БАҒЫТ: ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

ҮШІНШІ БАҒЫТ: ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҰТҚЫРЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ДАМЫТУ

 

                                                     

 

 

Просмотров: 28 | Добавил: Маргулан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Полезные ссылки