КМиБ

КОЛЛЕДЖ МЕНЕДЖМЕНТА
и БИЗНЕСА
города Астаны
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІНІҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! .......................................................................... WELCOME TO THE OFFICIAL SITE OF COLLEGE OF MANAGEMENT AND BUSINESS ASTANA! .......................................................................... ДОБРО ПОЖАЛОВАТЬ НА ОФИЦИАЛЬНЫЙ САЙТ КОЛЛЕДЖА МЕНЕДЖМЕНТА И БИЗНЕСА ГОРОДА АСТАНЫ!
Главная » 2019 » Март » 18 » Дуалды оқытудың артықшылығы!
12:10
Дуалды оқытудың артықшылығы!

      Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы жариялаған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында «Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Бұл – өте қалыпты жағдай. Өйткені адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады» деп атап көрсеткен еді. Елбасы осы өзекті мәселені шешуде дуалды кәсіби білім беруді дамытудың маңызды екеніне де назар аударған болатын. Сондықтан дуалды кәсіби білім берудің техникалық және кәсіптік білім беру саласында мамандар дайындаудағы мән-маңызы, алатын орны, ерекшеліктері неде және оны жүзеге асыруда қандай жетістіктер мен кемшіліктер бар деген сұрақтар төңірегінде көптеген әңгімелер өрбуде. Біздің колледж 2017-2018 оқу жылдары «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»   және   0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқу» мамандықтары бойынша дуалды оқыту жүйесі бойынша оқытып жатырмыз. Нәтижесі өте жақсы десек болады, студенттеріміз кәсіпорындарды тәжірибе өтіп келіп, теорияда алған білімдерін өте ұтымды қолдана білгендерін, кәсіпорын басшыларынан алғыс хаттарынан білуге болады.

            

 

 

Просмотров: 25 | Добавил: Маргулан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Полезные ссылки